• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Бокс 18 Сәуір, 2025

Сәкен Бибосынов финалға шықты

0 рет
көрсетілді

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан турнирде Қазақстан боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жартылай финалда өзбек боксшысы Фарезбек Дусматовтан 5:0 көрсеткішімен басым түскен Сәкен Бибосынов енді финалда Ресей боксшысы Денис Палшинмен кездеседі.

Айта кетсек, Фарезбек екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың інісі, ширек финалда жолдары түйісіп қалған соң, Хасанбой інісіне жол берген болатын.

Еске салайық, Бибосынов пен Дусматов соңғы рет Париж Олимпиадасының ширек финалында кездесіп, өзбек спортшысы жеңіске жеткен еді.