• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ 18 Сәуір, 2025

Жеңіс күні қарсаңында «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімі өтті

0 рет
көрсетілді

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Елшілігі Софиядағы Ресейлік мәдени-ақпараттық орталықта қазақстандық «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының»  қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері және болгар киносүйер қауымы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның дүниежүзіндегі жалпы жеңіске, әділдік пен бостандықтың салтанатына зор үлес қосқанын атап өтті. Қазақ дипломаты өскелең ұрпақ үшін керемет батылдық пен шынайы патриотизмнің үлгісі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы отандастарымыздың жауынгерлік және еңбек ерліктеріне назар аударды. Сондай-ақ ол Жеңіске керемет күш-жігер мен орасан зор құрбандықтардың бағасымен қол жеткізілгенін, атап айтқанда, ол майдангерлердің теңдесі жоқ батылдығы мен мызғымас рухының, тыл еңбеккерлерінің табандылығы мен жанқиярлығының арқасында жүзеге асқанын атап өтті.

Режиссёр Бекболат Шекеровтың «1941 жылдың жазы» фильмі  соғыс жылдарындағы партизандық отрядтармен болған шайқастар туралы баяндайды. Кинокартина Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батылдығымен ерекшеленген және диверсиялық топтарды басқарған көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Ади Шариповтың өмірбаяндық тарихын көрсетеді.

Қазақстандық кинокартина болгар аудиториясы мен іс-шараның барлық қонақтарының қызығушылығын тудырды.