Спорттық гимнастикадан Дохада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары жарқын нәтиже көрсетіп, екі гимнаст финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоссырықтағы жаттығулар бойынша іріктеу кезеңінде Милад Карими тамаша өнер көрсетіп, 14.000 ұпаймен бірінші орын иеленді. Осылайша ол сенімді түрде финалға өтті.
Тағы бір отандасымыз Алтынхан Темірбек тіреуішпен секіру жаттығуында 13.199 ұпай жинап, сегізінші орынмен шешуші кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, Карими мен Темірбек еркін жаттығу бағдарламасының финалында да өнер көрсететін болады. Сонымен қатар Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуда жүлдеге таласады.
Финалдық бәсекелер 18-19 сәуір күндері өтеді.