• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Сәуір, 2025

Қарағанды ​​маңындағы тас жолда екі адам қаза тапты

0 рет
көрсетілді

Сәуірдің 18-і күні таңертең Алматы-Қарағанды ​​тас жолында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында Қарағандыдан 25 шақырым жерде болған. Toyota Alphard жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, көлік шұңқырға аударылған.

Салдарынан екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерден тас жолдардағы жылдамдықты сақтауды сұрайды.