Самбодан жастар арасында Азия және Тынық мұхит чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан самбо федерациясының мәліметінше, жастар барлығы 27 медальға (5 алтын, 10 күміс, 12 қола) қол жеткізді.
Спорттық самбодан Нұржан Тумырзаев (58 кг) пен Данияр Қалмағамбетов (64 кг) алтын алып, Махамбет Қоныспай (71 кг), Ықылас Мұрат (79 кг), Алмас Темірбай (98 кг), Мейрамбек Алдаберген (+98 кг) қола жүлде иеленді.
Жауынгерлік самбодан Абылайхан Алшымбек (98 кг) пен Дінмұханбет (+98 кг) чемпион атанса, Мәулен Ержанұлы (79 кг) күміс жүлдеге ие болып, Асқар Қалыбек (58 кг), Нұрасыл Қылышбаев (64 кг), Бекзат Сағатай (71 кг), Санат Жаманқұл (88 кг) үздік үштікке ілікті.
Қыздар арасында спорттық самбодан Жұлдызай Бисен (64 кг), Ұлбосын Әділова (80 кг), Зейнеп Тұрсынбек (+80 кг) күміс жүлдегер атанып, Мария Шемуратова (50 кг), Арай Төлеубай (59 кг), Іңкәр Жоламан (65 кг), Әдина Абақова (72 кг) жеңістің үшінші орын тұғырынан көрінді.
Жауынгерлік самбодан Гүлмайра Сағиданова (50 кг) өз салмағында топ жарды. Ал Арайлым Әлімова (54 кг), Әлемгүл Жарлан (59 кг), Наргиз Қапсамет (65 кг), Гүлнұр Абай (72 кг), Анеля Зейнешова (80 кг) және Диана Сейтхан (+80 кг) күмісті місе тұтты.