• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 18 Сәуір, 2025

Роботтар жекпе-жегі

0 рет
көрсетілді

Қытайлық «Unitree» компания­сы алдағы уақытта екі гуманоид робот­­­тың арасындағы алғаш­қы жекпе-жекті өткізетінін мәлім­деді. Кез­де­су­дің трансляциясы ша­ма­­мен бір айдан кейін онлайн көр­се­тіледі.

Компания жариялаған жарнамалық бейнероликте роботтың адаммен, кейін екінші роботпен айқасқаны көрсетілген. Сарапшылар жекпе-жекке қатысуы мүмкін деп отырған модель – G1. Ол – «Unitree»-дің флагмандық өнімі, бойы 1,32 метр, қимылы шапшаң әрі нақты. Робот кунг-фу техникасын меңгеріп, тіпті сальто жасауды да үйренген. Бұл – қозғалысты нақты басқаруға арналған «LAFAN1» технологиясының арқасы. Ринг­тегі айқастың нақты уақыты мен ере­же­лері әзірге белгісіз. Дегенмен бұл – робот­­тар әлемінде жаңа кезеңнің бастауы болмақ.