Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Азия бәсекесінде Қазақстан құрамасы алғашқы медальдерін алды. Екі жүлде де ел қоржынына жеңіл атлетиканың жетісайыс түрінен түскен.
5089 ұпай жинаған Полина Кузубова чемпион атанса, Асылзат Қыдырбай 4355 ұпаймен қола жүлде еншіледі.
Ал, күміс медальді Өзбекстан спортшысы Софья Николаева (4904 ұпай) иеленді.
Азия додасы Сауд Арабиясының Даммам қаласында өтіп жатыр.