Аймақта 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері қайтарылған екен. Аталған көрсеткіш бекітілген жоспарлы межеден асып, 102%-ды құраған, деп жазады Egemen.kz.
2025 жылға қарай облыс бойынша жалпы көлемі 170 мың гектар жерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспарланып, ай сайынғы кесте бекітіліп, жер көлемі аудандар арасында бөлінді.
Бұндай көрсеткіштер – Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің Абай облысы департаментінің және аудан-қала әкімдіктерінің өзара тығыз іс-қимылының нәтижесі болып отыр.
Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.