• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Сәуір, 2025

Қазақстанның су мамандары АҚШ-та оқып жатыр

0 рет
көрсетілді

Оқу The International Visitor Leadership Program аясында өткізіліп, 22 сәуірде аяқталады. Курс тақырыбы – АҚШ-тағы су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нақты айтқанда, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің және сала министрлігіне қарасты Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары АҚШ-та білім алып, тағылымдамадан өтіп жатыр.

«Оқу барысында АҚШ-тың су ресурстарын басқару саласындағы үздік тәжірибелерін зерттеуге, сондай-ақ халықаралық байланыстар орнатып, тәжірибе алмасуға баса назар аударылады. Бағдарлама қатысушылары АҚШ-тың негізгі су инфрақұрылымы нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысады», деді ҚР СРИМ Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы.