• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2025

Хромтауда екі жел электрстансасы салынады

0 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында  жалпы қуаты 450 МВт болатын  бес жаңартылатын энергия жобасын  іске асыру жоспарына сәйкес, осы жылы Хромтау ауданында  жалпы қуаты 100 МВт  болатын екі жел электрстансасы  құрылысы басталады. Облыстық  энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, осы жоба  жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады және құрылысты   «Darmen Shuak» және «Next Green Energy» ЖШС-тері жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында  қолға алынған жобалар сондай-ақ өңірдегі қуат тапшылығын  азайтуға және экологиялық ахуалды жақсартуға  мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысының энергетикасын  дамыту аясында  2028 жылға қарай 1475 МВт, 2030 жылға қарай  1535  МВт көлемінде  электр энергиясын өндіру жоспарланды.