• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 15 Сәуір, 2025

ЖИ іздеу әдісі

0 рет
көрсетілді

Глазго университетінің ғалымдары жоғалып кеткен адамды қай жерден іздеу керегін болжайтын жаңа әдіс ойлап тапты.

Ғалымдар жасанды интеллект көме­гі­мен адамның психологиялық реакцияларын модельдеп, барады-ау деген бағыттарын картаға түсіреді. Яғни жоғалып кеткен адамның іс-әрекетін, психологиялық жағдайын сараптап, болжам жасайды. Бұндай әдіс іздеу топ­тарының уақыт пен күшін дұрыс бағытта жұмсауына көмектеседі. Жүйе дрондармен біргіп, таулы аймақтарда, орманда, тіпті шөлде де жоғалған адамдарды тез табуға мүмкіндік береді.