• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Сәуір, 2025

Ақмола құрамасы қысқы спартакиаданың чемпионы атанды

54 рет
көрсетілді

Бүгін Ақмола облысының құрама командасы Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасында алғаш рет бірінші орынға шықты.

Төрт жылда бір рет өткізілетін бұл спорттық шара биыл Өскемен қаласында 8 ақпанда басталып, бірнеше қалада өтті. Әр өңірден келген спортшылар 13 спорт түрінен бақ сынады.

Ақмола облысының қоржынында 29 медаль, оның ішінде: 16 алтын, 9 күміс және 4 қола, екінші орынды Астана қаласының спортшылары иеленді, ал Қостанай облысы үшінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, өткен спартакиадада облыс құрамасы үшінші орынды алған еді.