• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Жасанды интеллект 11 Сәуір, 2025

ChatGPT маманды алмастыра ала ма – əлеуметтанушының пікірі

44 рет
көрсетілді

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқармасының төрағасы Нұрбек Мəтжани Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында ChatGPT пайдалану мəселесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, жасанды интеллекті адамдардың жұмысын жеңілдетеді, бірақ аналитика, болжам жасауға келген кезде адамды алмастыра алмайды.

«Жалпы əлем негізі техно-оптимистер жəне техно-пессимистер деп бөлінеді. Əсіресе, технологияға келген кезде. Техно-пессимистер ол əлемді жасанды интеллект, технологиялар жаулап алады, адамдар жұмыссыз қалады, жаппай жұмыссыздық болады деген бір сарында пікір білдіреді. Техно-оптимистер керісінше, бəрі жақсы болады, керісінше бізге жаңа мүмкіндіктер ашылады, жұмысымыз жеңілдейді деген басқаша пікір білдіреді», деді Нұрбек Мəтжани.

Оның пікірінше, жасанды интеллект пен адамның когнитивті мүмкіндіктері, оның пайым-парасаты қатар жүрген кезде, адамзаттың өмірі əлдеқайда жақсара түспек.

«Біздің артықшылығымыз – біздің интервьюерлер əр өңірге барады, екі адамның арасында бəрібір байланыс орнайды. Сол тұрғысынан социологиялық зерттеулер кезінде face to face əдісін жасанды интеллект алмастыра алмайды деп ойламын», деді ол.