• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Медицина 11 Сәуір, 2025

Сәби сүйгісі келетін отбасыларға тегін медициналық қызмет көрсетіледі

68 рет
көрсетілді

Биыл Алматыда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен қаладағы ерлі-зайыптылар толық прегравидарлы дайындықтан тегін өтеді. Бұл мақсатқа 673 млн теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бала көтергісі келетін алматылық отбасылар көптеген медициналық қызметтерді тегін алады. Негізгі шарт - сақтандырылған жарнасы уақытылы аударылуы қажет. Жарна тұрақты аударылмаған жағдайда медициналық қызметтердің біраз бөлігі қолжетімсіз болып қалады.

Прегравидарлы кезеңде отбасылық жұптар жүктілікке дейін жан-жақты тексеруден өтеді. Яғни, бұл кезеңде өмірге дені сау бала әкелу үшін заманауи медицина мүмкіндіктері қолжетімді болмақ. Болашақ ата-аналар бұл кезеңде түрлі диагностикалаудан өтеді.