«Teniz Capital Brokerage» – «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген «Teniz Capital Investment Banking» инвестициялық банкінің бөлімшесі инвесторларға табыс табудың мүмкіндіктерін әртараптандырды.
AIX 2020 жылы «Tabys» компаниясын қаржылық сауаттылықты ілгерілету бойынша әлеуметтік жоба ретінде іске қосқан. Осы сәттен бастап ісін жаңадан бастаған отандық инвесторларға қаржы өнімдеріне, оның ішінде биржалық ноталарға (ETN), ұлттық компаниялардың IPO және SPO-ға қатысуына және жекелеген жеке кәсіпорындардың облигациялық шығарылымдарына қол жеткізуге мүмкіндік туды.
АХҚО Әкімшілігінің басқарма төрағасы Ернар Жаңаділ «Tabys» жобасына бақылау соларда сақталатынын, ал клиенттердің шоттары бұрынғыдай AIX бағалы қағаздар орталық депозитарийінде орналасатынын атап өтті. Оның айтуынша, аталған мәміле қосымшаның жұмысын жақсартудың қисынды жалғасы болмақ.
«Біздің ынтымақтастығымыз «Tabys» дамуының жаңа кезеңімен басталады. 21 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсетіледі. Бірақ біз өзіміздің жеке стратегиялық серіктеспен бірге өнімдердің кең желісін ұсына аламыз. Осылайша, барлық инвесторда ұлттық компаниялардың ІРО-сы барысында акцияларды сатып алу ғана емес, сонымен қатар сату, брокерлік компанияда қазіргі уақытта бар өнім желісін пайдалану мүмкіндігі болады», дейді.
«Teniz Capital Brokerage» басқарушы директоры Ерлан Солтанов «Tabys» клиенттеріне жергілікті ғана емес, халықаралық алаңдарда да капиталды тиімді басқаруға мүмкіндік беретін инновациялық өнімдерді ұсынудағы жоғары әлеует туралы айтып берді.
«Әрбір «Tabys» пайдаланушысы жақын арада құнды қағаздар нарығына жақындай түседі. Біздің компаниялар тобында кез келген пайдаланушыға әлемдегі құралдарға қолжетімділікті қамтамасыз ете алатын барлық қажетті лицензия бар. «Tabys»-тың жасаған жұмысы – инвестиция үшін алғашқы қадам. Біз өз тарапымыздан азаматтарды инвестиция әлеміне жетелеп, әлдеқайда күрделі құралдарды ұсынуға, сондай-ақ халықтың қаржылық сауатын дамытуға тырысамыз», деп атап өтті спикер.
Әріптестік аясында «Tabys» пайдаланушылары Гонконг пен Таяу Шығыстағы листингі бар құралдарға қол жеткізе алады. Мобилді қосымшаның өзі бұрынғыдай жұмыс істей береді. Инвестициялық өнімдер жиынтығы біртіндеп кеңейеді. Қолданыстағы «Tabys» клиенттеріне қосымша тіркеу мен қайта тіркеу рәсімдерінен өтудің қажеті жоқ. Алайда кейін брокер қағидаларымен қосымша деректерді ұсыну талап етілуі мүмкін.
«Tabys» клиенттер алдындағы барлық міндеттемені орындауын жалғастырады. Сондай-ақ қосымшаны пайдаланушылар АХҚО-дағы реттеудің барлық артықшылығын да пайдалана бермек.
АЛМАТЫ