Талғардағы қайғылы оқиғадан алты ай өткен соң, сәуірдің 10-ы күні сағат 12:00-де Талдықорғанда 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты сот процесі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті тұрғындар қайғылы жағдай олардың жан дүниесін тербеткенін мойындады.
Алдын ала тыңдау Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілде ашық түрде өтеді.
Сот алдында тоғыз адам жауап береді. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынды. Қылмыстық істің көлемі 62 томды құрады.
2024 жылдың 4 қазанында Талғарда жаппай төбелес болып, оның барысында 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергеу жүргізіліп, 11 күдікті қамауға алынды.