• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Марапат 10 Сәуір, 2025

Ғалымдар мемлекеттік наградалармен марапатталды

210 рет
көрсетілді

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Атап айтқанда, 4 ғалым «Парасат», 15 адам «Құрмет» орденіне ие болды.

Бұдан бөлек, 6 маманға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілсе, тағы 2 ғалымға «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы табыс етілді.