• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2025

Атырау облысында түнде жер сілкінісі тіркелді

66 рет
көрсетілді

Қазақстандық сейсмологтар ошағы Атырау облысында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық ұлттық дерек орталығының жедел дерегінше, жер асты дүмпуі 10 сәуірде 01:40-та тіркелген. Эпицентрі Құлсарыдан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3, ал энергетикалық класы - 9,1.

«Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ», делінген хабарламада. 

Еске салайық, 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.