• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2025

Көкшетауда дүниежүзілік инклюзивті білім конгресінің аймақтық кезеңі өтті

86 рет
көрсетілді

Конгреске Ақмола облысының түкпір-түкпірінен 320 қатысушы жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдымен шеберлік сабақтары өткізілді. Елімізде 230 мыңнан аса ерекше білім беруді қажет ететін бала бар екен. Ерекше балалармен тиімді жұмыс істеу және олардың күнделікті өмірде де, білім беру ортасында да қиындықтарды жеңуге көмектесу үшін инклюзивті білім беру бойынша бірінші дүниежүзілік конгресін өткізу ұсынылған.

– Конгресс әлемнің түкпір-түкпірінен үздік сарапшыларды жинайтын және жыл сайын әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін алаңға айналады, – дейді инклюзивті білім беру бойынша бірінші дүниежүзілік конгресстің бас директоры Ермек Мәжитов, –Қазақстан бұл бастаманы алғаш көтерген ел ретінде тарихта қалады. Дэниел Собель – әлемдегі ең үздік сарапшылардың бірі, ол Қазақстанда бұрын да болған. Ұстаздарымыздың жаңа білімге ұмтылып, жаңа білім алуға деген көзқарасын көрген ол Қазақстан инклюзивті білім беру саласындағы осынау ауқымды жұмыстарды жүзеге асыра алатын тұғырнамаға айналып, тартымды орталыққа айнала алатынын көрді.

Отыз жылдан астам тәжірибесі бар логопед, әдістемелік ұсыныстардың, мақалалардың, құралдардың авторы Ольга Ким Көкшетауға келіп, шеберлік сабағын өткізді.

Айта кетейік, 15-18 қазан аралығында Алматы қаласында инклюзивті білім беру бойынша бірінші дүниежүзілік конгресс өтеді. Ол инклюзияның, тәжірибе алмасудың және озық педагогикалық тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған ірі халықаралық алаңға айналады. Конгреске әлемнің жетекші сарапшылары, білім беру мекемелерінің, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері келеді деп жоспарланып жатыр.