• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Парламент 09 Сәуір, 2025

Үкіметтің банктер үшін КТС мөлшерін көтеру жөніндегі ұсынысы дұрыс - депутат

48 рет
көрсетілді

«Respublica» партиясы фракциясы салық реформасы мәселелерін терең түсінетінін және Үкіметпен тұрақты үн қатысып отырғанын айтқан Айдарбек Ходжаназаров бірқатар негізгі бастамалар бойынша Үкімет оң ұстаным бергенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Депутаттың айтуынша шағын және орта бизнес (ШОБ) үшін арнайы салық режимі сақталып, режимге жататын қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді.

«Бастапқыда экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) 40 түрінің шектеулі тізімінен 1,7 миллионға жуық кәсіпкер мен 4,5 миллион адам зардап шегуі мүмкін еді. Егер біз оған қол жеткізбесек, бизнес «жалпы режимде» болып, қазіргідей айналымнан 2% емес, корпорациялық табыс салығы (КТС) - 20%, ҚҚС - 16%, әлеуметтік салық - 11% және басқа да міндетті төлемдерді төлейтін еді. Бұл шағын бизнесті жойып, мыңдаған компаниялар көлеңкеге кетер еді немесе жабылар еді», деді А.Ходжаназаров.

Мәжіліс депутатының айтуынша арнайы салық режимі (СНР) үшін табыс шегі 2,3 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, бұл – кәсіпкерлерге айтарлықтай үлкен айналым көлеміне дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«200 адамды жұмыспен қамтуды шектеу алынып тасталады, енді жұмысшылар саны бойынша жасанды төбе жоқ және бизнес режимге қолжетімділігін жоғалтпай, еркін өсуі мүмкін. Осы шаралардың барлығы – диалогтың нәтижесі», деді депутат.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Жолдауында: «Ағымдағы кезеңде ең маңызды міндет – елдің берік өнеркәсіптік қаңқасын қалыптастыру, экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету. Сондықтан өңдеуші секторды жедел дамытуға баса назар аудару керек», деп айтқаны мәлім.

Айдарбек Асанұлы өңдеуші өнеркәсіпке арналған жеңілдіктер туралы да фактілер келтірді.

«Сектордың жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ-дегі) үлесі 2000 жылғы 16,5% -дан 2024 жылы 12% -ға дейін төмендеді.

Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар - 1,6 трлн теңге ғана, бұл барлық инвестициялардың 9,4% -ын құрайды. Бұл үлкен өсу үшін жеткіліксіз. Әлемдегі бірде-бір экономика ЖІӨ-нің кемінде 25% -ын негізгі капиталға салмай, «керемет» өсу қарқынына қол жеткізген жоқ.

Үкімет инвесторлар үшін салық заңнамасының тұрақтылық қағидатын сақтай отырып, дұрыс және жауапты ұстанымды көрсетеді, бұл әсіресе азық-түлік қауіпсіздігі мен еліміздің өзін-өзі қамтамасыз етуі үшін түйінді салалардың бірі – тамақ өнеркәсібі сияқты стратегиялық салаларда ерекше маңызды.

Сондықтан Үкіметті өз ұстанымын қорғауда дәйектілік пен табандылық танытуға шақырамыз», деді депутат А.Асанұлы.

Сонымен қатар, Айдарбек Ходжаназаров банк секторына салықтық жеңілдіктер бойынша түзету ұсынысы аталған партиядан ғана емес, азаматтардан да келіп отырғанын айтты.

«Адамдар әділ түрде банктер миллиардтаған табыс табатынын, алайда, шағын бизнес ұзақ мерзімді әрі арзан несие ала алмайтынын айтып жатыр. 2024 жылы банктер 3 трлн теңге табыс тапты, ал 2020-2022 жылдары қаржы секторына салықтық жеңілдіктерден бюджет шығыны 5,1 трлн теңгені құрады. Сол себептен Үкіметтің банктер үшін корпорациялық табыс салығы (КТС) мөлшерін көтеру жөніндегі ұсынысын дұрыс деп санаймыз», деді депутат.

Сондай-ақ депутат қосымша ұсыныстарын да айтты:

«Мемлекеттік қағаздардан түсетін табыстар бойынша салық жеңілдіктерін алып тастау, Олардың пайдасының 10% - ын шағын және орта бизнес (ШОБ) жеңілдікті кредиттеріне 5% - бен бағыттау. Бұл бүкіл экономика мен халықтың мүддесі үшін әділ шешім болады», деді Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров.

Сонымен қоса, депутат А.Асанұлы қазіргі уақытта экологиялық тұрғыда бірқатар негізгі ұсыныстар бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын, яғни, әлі ұсынылмаған бастамалар туралы да айтты.