Мерген қыздың 100 жылдығына орай, оның өмірі алғаш рет музыкалық пьеса болып өріледі. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлия Молдағұлованың жарқын бейнесі жан-жақты жеткізілетін мюзиклде ерекше образдың бірі – «Ажал» кейіпкері батырдың тағдырымен бетпе-бет келіп, оның рухын сынау арқылы көрсетіледі. Тарихи биографиялық көріністе қаршадай қыздың қайсарлығы, Отанға махаббаты драмалық тартыстармен беріліп, әсерлі диалог тәсілдерімен жеткізіледі.
Жаңа мюзиклдің қоюшы режиссері – Есләм Нұртазин. Әлияның рөлін Ажар Жәрденбекқызы және Фатима Бердібекова сомдайды.
Мюзикл көрерменге 7 мамырда жол тартады.