• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Сәуір, 2025

Алматыда тұрғын үй күзетшісін ұрған күдікті ұсталды

71 рет
көрсетілді

Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті азаматтың ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға өткен сенбі күні болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші шлагбаумның уақытында ашылмағанына ашуланып, сигнал бере бастаған. Күзетші тарапынан жасалған ескерту ер адамның ашуын тудырып, ол жұдырық ала жүгірген.

Салдарынан күзетші түрлі дене жарақаттарын алып, дереу ауруханаға жеткізілген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол амбулаториялық ем қабылдау үшін жергілікті емханаға жіберілген.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілмек.