• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Сәуір, 2025

Ақтауда мерекелік шара кезінде 100-ден астам бала жоғалған

148 рет
көрсетілді

«Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» мерекесіне орай өткен концертте бірқатар ата-аналар балаларынан көз жазып қалған, деп жазады Egemen.kz.

Балалардың адасып қалуына концерт кезінде адамның көп болуы себеп болған. 

Арнайы дайындалған киіз үйге 100-ден астам бала жеткізілген екен. Сол жерде ұйымдастырушылар жоғалған балаларды уақытша қарап, кейін ата-аналарына табыстаған.

«Бәрі аман-есен ата-анасына қайтарылды. Сахнадан бірнеше рет ескертіліп, баласы жоғалған ата-аналар киіз үйге бару керектігі айтылды. Мұндай жағдайлар қоғамдық шараларда жиі болады», деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.