• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 05 Сәуір, 2025

Төрехан Сабырхан кәсіби бокстағы қадамын жеңіспен бастады

443 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада ел тарихында алғаш рет IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз белбеуін Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингеге (14-0, 9 КО) қарсы қорғайды. Тарихи кеште Жәнібектен бөлек  , 7 отандасымыз шаршы алаңға шығады, деп жазады Egemen.kz.

Ауқымды бокс кешінде шымкенттік Төрехан Сабырхан алғаш рет кәсіпқой бокста бақ сынады.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте отандасымыздың қарсыласы чехиялық Йиржи Хауке (4-6, 2 КО) болды.

Төрехан кездесудің алғашқы минуттарынан- ақ белсенді соққы жасауға кірісті.

Кездесудің 3-раундында отандасымыз қарсыласын 2 рет нокдаунға жіберіп, соңғысында чехиялық орнынан тұра алмай, жеңіс Төрехан Сабырханның еншісіне жазылды.

Жекпе-жектен кейін Т. Сабырхан өзінің жасы небәрі 19-да екенін еске салып, қазақ боксының тарихында талай айтулы жеңістерді тіркейтінін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, қолдау білдірген жұртшылыққа алғыс білдірді.

Айта кетейік, бүгін Барыс арена шаршы алаңына Төрехан Сабырханның ағасы, Париж Олимпиадасының қатысушысы Махмұд Сабырхан да шығады. Бұл бәсеке Махмұдтың да кәсіби бокстағы дебюті болмақ.