Джон Брамблитт бала күнінен бері сурет салғанды ұнатқан. Алайда 20 жасында ауыр дертке шалдығып, мүлде көрмей қалады. Дәрігерлер көру қабілеті қайта қалпына келмейтінін айтса да, үмітін үзбеген.
Джон бояулардың құрылымын, қоюлығын саусақпен сезіп, түстерді арнайы Брайль жүйесіне ұқсас белгілермен анықтауды үйренген. Осылайша, сурет салуды жанарсыз-ақ жалғастыра берген. Қазір оның туындылары әлемнің бірнеше елінде көрмеге қойылған. Джонның өзі: «Мен көзіммен емес, жүрегіммен көремін» дейді.