• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 05 Сәуір, 2025

Ұйықтамайтын адам

70 рет
көрсетілді

Вьетнамдық Тай Нгок есімді азамат 1973 жылдан бері бірде-бір рет көз ілмеген. Сол жылы сырқаттанып қалғаннан кейін, оның ұйқысы мүлде жоғалған.

Тай Нгокті дәрігерлер бірнеше рет тексеріп, денсаулығынан ешқандай ауру-сырқау белгілерін таппаған. Жүрек-қан тамырлары жүйесі де, жүйке жүйесі де – бәрі қалыпты. Қызығы, ол күнделікті тұрмысын өзгелер секілді жалғастырып жүр: шаруамен айналысады, тамақ дайын­дайды. Ғалымдар әлі күнге дейін бұл құбылысты нақты түсіндіріп бере алмай отыр. Бұл – адам ағзасының бейімделу мүмкіндігі шексіз екенін дәлелдейтін ерекше оқиға.