Семей қаласында жаңа ет комбинатының құрылысы басталады. Жоба құны 8,4 миллиард теңгені құрайды, ал өндіріс Австралияның соңғы технологиялары бойынша жабдықталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетейік, жаңа комбинат ашылған жағдайда 250 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады.
Комбинаттың бір ауысымда 200 бас ірі қара мал мен 1400 бас ұсақ малды союға мүмкіндігі жетеді. Жылына 12 600 тонна дайын ет өнімін өндіріп, оның бір бөлігі шетелдерге экспортталмақ.
Сонымен қатар, жобаның аясында 50 мың қой, 200 бас жылқы және 200 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңдары салынады. Бұл жобаның жүзеге асуы өңір экономикасына елеулі әсер етіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор үлесін тигізбек.