• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 03 Сәуір, 2025

Жолақ киім – араның жауы

40 рет
көрсетілді

Жолақ киім киіп жүрсеңіз аралар­дан абай болыңыз. Жапония биолог­терінің зерттеуінше, аралар жо­лақ киім киген адамдарға көбірек ­шабуыл жасайды.

Тіршілік иелері мына әлемді өмір мен өлімді ажырата алатын деңгейде бағдарлайтындықтан, төнетін қауіпті түйсігімен біледі. Сондықтан аралар жолақ бейнені өздерінің табиғаттағы жауы – жыланмен байланыстырады екен. Әсіресе қара мен ақ, қара мен сары түсті жолақ жәндікке қауіп сигналы ретінде әсер етеді.