• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Теннис 27 Наурыз, 2025

Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің ширек финалында бақ сынайды

74 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Egemen.kz.

Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан турнирде Бейбіт Жұқаев 1/8 финалда бразилиялықтан басым түсті. Отандасымыз Фелипе Мелигени-Альвесті (АТР 176) 7:6 (7:5), 6:4 есебімен қапы қалдырды.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, енді ол 1/4 финалда швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (АТР 172) кездесіп, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.