• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Наурыз, 2025

Қар аралас жаңбыр жауады: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

51 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері елдің басым бөлігін қамтитын антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына циклон әсер етіп, бұл өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Кейбір өңірлерде тұман мен жел күшейеді.

Температуралық фон:

Елдің батысында негізгі температура түнде 5 аяз + 5 жылу, күндіз +10+18 жылы болады.

Солтүстік-батыста температураның негізгі фоны түнде 0-10 аяз, күндіз +7+15 жылы болады.

Солтүстікте температура түнде 0-10 аяз, күндіз +5+13 жылы болады.

Елдің орталығында түнде температураның 2-14 аяздан -7 аязға дейін +1 жылу, күндіз +5+10 жылы болып, +10+15 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Шығыста түнгі температура 5-25-тен 0-15-ке дейін, күндіз 0-10-дан +5+15-ке дейін көтеріледі.

Оңтүстік аймақтарда түнде температура 5 аяз-5 жылы болып, күндіз +5+13 жылы болады.