• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Наурыз, 2025

Еліміздің үш облысында жол жабылды

70 рет
көрсетілді

Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап

25 наурыз күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша келесі жолдар жабылды:

Ақтөбе облысы – «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз»тасжолының 3-92 шақырымында (Қандыағаш – Ембі аралығы). Қостанай облысы – Қазақстан-Ресей шекарасындағы бейтарап аумақ, Мариновка ауылына жақын маңда. Солтүстік Қазақстан облысы – «Петропавл қаласын айналып өту» жолының 4-7 шақырымында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзеніндегі көпірге дейін).

Қазіргі уақытта жолдарды тазалау жұмыстарына 62 арнайы техника мен 96 маман жұмылдырылған.