• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 21 Наурыз, 2025

«Қамажай» биін биледі

16 рет
көрсетілді

3 мыңнан астам мектеп оқушысы бір мезетте «Қамажай» биін билеп, жаңа рекорд орнатты. Мұндай ауқымды іс-шара бұрын-соңды болмаған.

Бұл флешмоб «Наурызнама» он­күндігі аясында және Ұлттық киім күніне орай ұйым­дастырылды. Оған Астана қаласының Білім басқармасы мен Техникалық және көр­к­ем шығармашылық орталығы ұйыт­қы бол­ды. «Қамажай» – ең танымал халық би­ле­­рі­нің бірі. Бұл би көркемдікті, қуаныш­ты бей­нелейді. Осындай ауқымда бидің сахнала­нуы – көз тартарлық көрі­ніс қана емес, мә­де­ние­ті­мізді сақтау жолын­дағы маңыз­ды қадам.