• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Мирас 21 Наурыз, 2025

Өрімшілер сайысы

20 рет
көрсетілді

Облыс орталығында қамшы өруден сайыс өтті. Жасөспірімдер ұмыт болып бара жатқан ұлттық өнерді қайта жаңғыртып, қайыс таспаларынан түйін түюден шеберлігін көрсетті.

Бұқар жырау атын­дағы әде­биет және өнер му­зейі мектеп оқу­шы­ла­рының қолөнерге деген қы­зығушылығын арт­тыруға ден қойып келеді.

«Сайысты Наурыз мейрамына орай ұйымдастырдық. Қам­шы өру өнерін насихат­тау арқылы ер балаларды ұлт­­тық қолөнерге баулу, шы­ғар­машылыққа жетелеу, ізде­нісін дамыту көзделді», дей­ді музей басшысы Ербол Қайыров.

Байқау екі кезеңнен тұр­ды. Алғашқысында 10 қа­ты­сушы қазы­лар алқасына өріп әкелген қам­шыларын таныс­тырып, жа­салу әдістерін баяндады. Ал екін­ші кезеңге өткен 5 қа­ты­­сушы қайыс таспаларынан қам­­шы өру шеберлігін көр­сет­ті.

«Мен жастайымнан жыл­қы баққан адаммын. Хал­қы­мыз ежелден жігіт­тің бес қаруы бойында болуы керек деп білген. Қам­шының қасиетін, қолдану ерекше­лігін үлкендерден үйре­ніп, жадымызға тұтып өстік. Мә­се­­лен, жылқышылар қам­шы­ның бүлдіргісін сабы­ның ең ұшынан салады. Себе­бі жылқыға бұғалық салу ке­зінде қамшыны сол қолы­мыз­ға ұстауға ыңғайлы», дейді қамшы өрудің шебері, қазылар алқасының мүшесі Жаңбырбай Әубәкіров.

Байқау қорытындысында Ы.Алтынсарин атындағы да­рынды балаларға арнал­ған облыстық қазақ гим­на­зия-интернатының 10-сынып оқушысы Бижан Тас­­қынұлы жеңімпаз атанды. Пав­­лодар қаласының №29 орта мектебінің оқушы­сы Самат Нұрсұлтан екінші, Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушысы Қабдолбек Аят үшінші орынға ие болды.

 

Павлодар облысы