• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Президент 17 Наурыз, 2025

Президент Қазақстан мен Қатар арасындағы заңға қол қойды

90 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хабарламада: «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген.

Заң мәтіні баспасөзде жария етіледі.

Сонымен қатар, «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.