Қытай Ғылым академиясының зерттеушілері әлемнің қай бұрышына да 1 сағатта жеткізетін ұшақ қозғалтқышын жасап шығарды.
Таңғаларығы детонациялық қозғалтқыш кәдімгі авиациялық керосинмен жұмыс істейді. Технология барлық сынақтан сәтті өткен. Ғалымдардың «Journal of Experiments in Fluid Mechanics» журналында жарияланған зерттеуіне сәйкес, қозғалтқыш 20 000 км/сағ жылдамдыққа дейін жете алады. Қозғалтқыш қиғаш тұратын детонациялық толқын (ODEW) технологиясына негізделген. Дәстүрлі реактивті қозғалтқыштардағы жану үдерісі біркелкі жүрсе, бұл қозғалтқышта жанармай бірнеше детонациялық соққылар арқылы жанады. Соның нәтижесінде энергия 1000 есе жылдам бөлінеді.