• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Үкімет 04 Наурыз, 2025

Бағаны бақылауда ұстаған абзал

21 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жұмыс кеңесін өткізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ)бағасының қазіргі жағдайын талқылады.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметтері бойынша, осы жылдың ақпан айында ӘМАТ бағасының өсу индексі 1,3%-ға дейін баяулаған. Сонымен қатар бес тауар түрі: күріш (-2,9%), жұмыртқа (-1,4%), ұн (-0,8%), макарон өнімі (-0,4%) және қарақұмық (-0,2%) бойынша баға төмендеді. Жыл басынан бері көкөніске бағаның маусымдық өсуі байқалып отыр.

Өңірлерде қордағы өнім­дерді сату жұмысы жүріп жатыр. Ауыл шаруашылы­ғы вице-министрі Ербол Тасжүреков 156,9 мың тонна жалпы көкөніс қорының 53,9 мың тоннасы сатылғанын, қазіргі сәтте 92,5 мың тонна көкөніс қоры қалғанын хабарлады.

«Жүргізілген түген­деу­лерден кейін қойма­лар­дағы картоп қоры 47,6 мың тоннаны, сәбіз – 16 мың тоннаны, пияз – 14,6 мың тоннаны, қырыққабат – 14,1 мың тоннаны құрап отыр», деп мәлімдеді  Е.Тасжүреков.

Вице-премьер нарыққа өнімдерді аз жеткізген, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тиім­сіз рет­тейтін өңірлердің жұ­мы­сын сынға алды. Атап айт­қанда, елорданың ірі сауда желілерінің бірін­де ақпан айын­да картоп жеткізу кешік­тірілгені байқалды, осыған байланысты Сауда комитеті мен «ҚТЖ Экспресс» АҚ көмегімен аталған көк­өніс­ті жедел жеткізу жұмысы ұйымдастырылды. Серік Жұманғарин басқа өңірлерде мұндай жағдайлардың алдын алу үшін картоп және әлеуметтік маңызы бар өзге де тауарлар қорына тексеріс жүргізуді тапсырды.

Тұрақтандыру қор­ларын­­­дағы өнімді сату, мау­­сым­аралық кезеңнің бас­талуы­на байланысты жекеле­ген аймақтарда импортталған картопты жеткізу басталды. Сонымен қатар аумақтық сауда департаменттері ӘМАТ-қа сауда үстемесін бақылау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жыл басынан бері және 27 ақпандағы жағдай бойынша 842 сауда нысаны сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.