• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Халық 03 Наурыз, 2025

Астаналық домбырашы Ассамблея шыңын бағындырды

67 рет
көрсетілді

1 наурыз – Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында астаналық домбырашы әрі альпинист Әлібек Қайырбек Ассамблея шыңының (4068 м) басында домбырамен күй тартып, қазақ үнін әуелетті, деп жазады Egemen.kz.

Ол сондай-ақ, сол жерде Ассамблея туын желбіретіп, барша қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, бұған дейін Әлібек Қайырбек Эльбрус пен Килиманджаро шыңдарын бағындырып, ұлттық мәдениетті дәріптеп, әлем жұртшылығын қазақ өнерінің сұлулығымен шабыттандырды.

Бұл жолғы экспедиция ерекше мәнге ие болды, себебі ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.