• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2025

Семейде жол жиегінде қараусыз жүрген бес жасар қыз табылды

81 рет
көрсетілді

Семейде жол жиегінде қараусыз жүрген бес жасар қызды байқап қалған ер адам оны полиция бөлімшесіне жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түскі уақыт шамасында модульдік полиция бекетіне ер адам кішкентай қызды ертіп келген. Оның айтуынша, қыз бала ересектердің қарауынсыз жүргіншілер жолағында жүрген. Ер адам қауіпті жағдайды түсініп, оны бірден полицияға әкелген.

Тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, баланың анасын анықтады. Қазіргі таңда қыздың жалғыз қалып, жол жиегінде жүрген себебі анықталып жатыр.