• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Ақпан, 2025

Салық реформасы жайындағы ой-талқы

111 рет
көрсетілді

«Taldau Talks» подкасының салық реформасына арналған жаңа шығарылы­мы жарияланды. Салық кодексінің жобасына енгізілетін түзетулер Парламент депутаттарының қарауына ұсынылуына байланысты осы тақырыпты талқылау маңызды болып отыр.

Парламент Сенатының төраға­сы Мәулен Әшімбаев, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов, сондай-ақ белгілі экономист Алмас Чукин үш сағаттық ашық әңгіме барысында салық реформасының алғышарттары және оның негізгі бағыттарын, еліміздегі бизнес пен жалпы экономикалық жағдайға әсерін егжей-тегжейлі талдады.

Подкаста көтерілген мәселелердің қатарында ҚҚС мөлшерлемесін өзгерту, бизнеске салық жеңілдік­тері, мемлекеттік шығындарды оңтай­ландыру, салық саясатының инфляцияға әсері, сондай-ақ өтемақы мен атаулы әлеуметтік көмек тетіктері бар. Сенат төрағасы атап өткендей, салық реформасы – еліміздің ұзақмерзімді дамуына бағытталған стратегиялық маңызды бастама.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оңтайлы және теңгерімді салық жүйе­сін құру міндетін жүктеді. Сондықтан бәріміз осы маңызды, қажетті және тиімді құжатты қабылдауға бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Салық реформасы еліміздің ұзақ мерзімді, сапалы және тұрақты дамуына, сондай-ақ барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бағытталған», деп атап өтті М.Әшімбаев.

 

Соңғы жаңалықтар