• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Кино 21 Ақпан, 2025

Еуропада Әуезов туралы фильм түсірілді

70 рет
көрсетілді

Кейінгі кездегі керемет жаңалықтың бірі – заң­­ғар ­жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы сонау Батыс елдерінде деректі фильмнің жарық көруі болмақ.

Атап айтсақ, Фран­ция мен Гер­ма­ния арасындағы мәдени және ақпараттық ынтымақтастықтың нәти­жесінде 1990 жылы құрылған «Arte france» атты еуро­палық қоғамдық телеарнада ақпан айынан бастап ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы арнайы дерек­ті фильм көрсетіліп жатыр. Аталған жобаның авторы – белгілі журналист Анна Луссуарн. Фильм авторлары 2023 жылы арнайы сапармен елімізге келіп, жазушының туған мекені Абай ауданына ат басын бұрып, қаламгердің кіндік қаны тамған жерімен танысқан. Сонымен бірге Алматы қаласындағы «Әуезов үйі» ғылыми-мә­дени орталығын түсіріп, материалдар жинаған. Сол сапары орталық директоры Диар Асқарұлы Қонаевтан Мұхтар Әуезов туралы сұхбат та жазып алған.

Аталған қысқа деректі фильмді ғаламтордан та­уып­ көрдік. Түсіру тобы аты алыс­қа жеткен қаламгер шы­ғармашылығының кеңге қа­нат жайғаны – «Абай жолы» роман-эпопеясынан бастау алатынын нықтап айтады. Кең жайлау, ауыл өмірі, салт пен дәстүр, ұлттық стильдегі ән мен күй – бәрі-бәрі осы фильмде көрініс табады. Бұл фильм аталған телеарнада бір ай бойы тұрақты түрде көрсетіледі екен.