• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Театр 20 Ақпан, 2025

«Көрұғлы» көрерменмен қауышты

66 рет
көрсетілді

Ақтау биыл түркі халықтарының мәдени астанасы мәртебесіне ие болды. Түрлі іс-шараның шымылдығы көктемде түрілмек десек те, алғашқы жұмыстар басталып та кетті.

Қаладағы Н.Жантөрин атын­дағы театрда «Көрұғлы» спектаклінің премьерасы өтті.

Рахмет жырау Мәзхо­жаевтың «Көрұғлы» дастаны бойынша Гаухар Адай сахналаған қойылым ақпан айының соңғы күндерінен бастап көпшілік көрерменге ұсынылады.

«Көрұғлы» – түркі ха­лық­­тарының ежелгі аңыз­дарынан туған, мис­­тикалық тереңдікке толы қойылым. Көр­ұғлы – Құдайдың қа­ла­уы­мен жер бетіне жібе­рілген таңғажайып тұлға. оның қасиетті міндеті – түркітілдес халықтарды Шағ­дат ханның қараң­ғы құлдығынан азат етіп, азат­тықта өмір сүру үшін ­жолын ашу. Қазақстанда тұңғыш рет сахналанған Түркі халықтарының ежел­гі аңызына негізделген бұл қойылым көрерменді әділдік пен еркіндік жо­лындағы ұлы күрестің мис­тикалық әлеміне жетелеп, өнерсүйер қауымның қошеметіне ие болды.

Ақтау қаласының түр­­кі ел­дерінің мәдени ас­танасы атануы – әрі мақ­таныш, әрі жа­уап­­кер­шілік. Осыған орай қо­йыл­ған «Көрұғлы» спек­таклі – мәдени астана мәр­­тебесіне сай маңғыс­тау­лықтар тұса­уын кескен ал­ғашқы іс-шара.

Маңғыстау облысы