• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Жәдігер 15 Ақпан, 2025

Теріден жасалған қауға

173 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық С.Қондыбай атындағы мемориалдық музей қорына 70 жыл бұрынғы жылқы терісінен жасалған Сали Оразбайұлының қауғасы мен шығыр доғалағы тапсырылды. Бұл жәдігер жақын арада ашылатын «Маңғыстаунама» атты жаңа экспозиция залындағы құдықшыларға арналған арнайы орынға қойылмақ.

Жәдігер иесі Сали Ораз­байұлы 1948 жылы Ал­шын Мең­далыұлы құрған колхозаралық құдықшылар бригадасына жұмысқа алын­ған. 1949 жылдан бас­тап сол бригаданың бригадирі болған. Бригадасымен қырға шыққан, шаруа баққан елдің алдымен жүріп отырып, ескі құдықтарды тауып, аршып, оңдап, кей жерлерде жаңадан қазған. Тіпті ол соғыстан кейінгі Сам құмын игерушілер қатарында болып, сол тө­ңіректегі құ­дық­тарды, арысы терістік Үстірт­ке шы­ғып, Ащы, Тұщы ай­рық­тарға, Аяққұм, Шалқар жерле­ріне дейін, Арал теңі­зінің батыс бетіне дейін, Қара­құм, Сарғасқа-Тайлан жер­ле­ріне дейін барып, құдық оңдап, аршып, өнімді қызмет еткен.

Кейін құдықшылар бригадас­ы Гурьевтегі облыстық суландыру меке­месіне қосылған. Жоғары немесе арнаулы орта білімі болмаса да, Сали Оразбайұлының ұзақ жыл­ғы жұмыс тәжірибесі ескеріліп, жасы ұлғайғанда қауіпсіздік техни­ка­сы­ жөніндегі инженер болып жұмыс іс­теп, 1982 жылы зейнеткерлікке шыққан.