• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 12 Ақпан, 2025

Шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды

270 рет
көрсетілді

IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.

Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.

Мұнда барлығы 6 елдің құрамасы жүлдеге таласты. Енді Астана уақытымен сағат 10:00-де ерлер арасындағы (4×7.5 км) эстафета басталады.

Айта кетейік, бұл шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан қоржынына түскен 3-ші жүлде. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжалаған.

Соңғы жаңалықтар