• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Үкімет 08 Ақпан, 2025

Мәжіліс халықаралық келісімдерді қарайды

175 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттарға Біріккен Ұлттар Ұйымы­ның бөлуді бақылау жө­ніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы заң жобасын талқылау ұсынылады.

2024 жылғы 14 ақпанда Нью-Йорк­те жасалған меморан­дум Қазақстанның ұлттық контин­гентін БҰҰ-ның Голан шыңда­рындағы бітімгерлік миссиясына жіберуге байланысты әкімшілік, логистикалық және қаржылық шарттарды белгілейді. Келісім меморандумды толықтырып, БҰҰ тарапынан Қазақстан Үкіметіне бітімгерлік миссияға қатысатын қазақстандық контингентке қажетті персонал, негізгі жабдықтар мен өзін-өзі қамтамасыз ету құралдарын ұсынғаны үшін төлем жасау тәртібін анықтайды.

Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемле­кет­тердің сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақ­тастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралады.

Құжатта ынтымақтас­тық­тың негізгі бағыттары мен нысан­дары, оның ішінде сы­бай­лас жемқорлықтан түс­кен кірістерді іздеу және қайта­ру, сыбайлас жемқорлық қыл­мысын жаса­ған адамдарды ұс­тау және ұстап беру, сон­дай-ақ өзге де іс-шаралар айқындалады.

Сонымен қатар Мәжіліс бәсе­ке­лестік мәселелері жөнін­дегі жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдайды. 

Соңғы жаңалықтар