Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы кезекті матчта тағы жеңе білді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан хоккейшілері Қытай құрамасымен кездесіп, қарсыластарын 6:1 есебімен ұтты.
Еске салайық, осыған дейін отандастарымыз Таиландты 12:0 көрсеткішімен жеңген еді.
Келесі ойын ертең Тайбэйге қарсы өтеді.
XI қысқы Азия ойындары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатыр, 14 ақпанда аяқталады.