• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 05 Ақпан, 2025

Қазақстан құрамасы керлингтен алғашқы жеңісіне қол жеткізді

258 рет
көрсетілді

Қысқы Азия ойындары аясында керлингтен аралас жұптық бәсекелер жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Дебютін сәтсіз бастаған отандастарымыз Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев алғашқы жеңіс ұпайына ие болды. 

Ел атлеттері Харбиндегі сында Қатар құрамасынан басым түсті. Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаевтың пайдасына 7:4 есебі тіркелді. 

Олар осыған дейінгі екі ойында Қытай мен Корея спортшыларына есе жіберген еді.