• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Ақпан, 2025

«Ұлттық қор – балаларға»: деректі тексеру жолы

112 рет
көрсетілді

2024 жылы еліміздің барлық балаларына «Ұлттық қор – балаларға» бағдар­ламасы аясында арнайы қаражат есептелді. Бұл жоба мемлекет тарапынан балалардың болашағына инвестиция ретінде қарастырылып, олардың әлеу­меттік әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Ата-аналар мен заңды өкілдер есептелген қаражатты бірнеше тәсілмен тексере алады:

- «eGov.kz» электрондық үкімет порталындағы Жеке кабинетте, «Цифрлық құжаттар» бөлімінде;

- eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисінде;

- «kids.enpf.kz» сайты арқылы. Деректерде қате болса, не істеу керек? Егер қосымшада немесе порталда бала туралы деректер жоқ немесе қате көрсетілсе, алаңдаудың қажеті жоқ – бұл БЖЗҚ-дағы қаражаттың есептелуіне әсер етпейді.

Деректерді өзектендіру үшін:

«eGov Mobile» қосымшасындағы «Балалар туралы мәліметтерді өзектендіру» сервисін пайдалану қажет. Қажетті деректерді енгізіп, 2-5 жұмыс күні ішінде жаңартуды күту керек.

І. Балалар туралы деректердегі қателерді қалай түзетуге болады?

Егер бала туралы ақпарат дұрыс көрсетілмесе, төмендегі қадамдарды орындау керек:

- Тиісті цифрлық құжатты ашып, жоғарғы оң жақтағы үш нүктені басу қажет.

- «Қате туралы хабарлау» батырмасын таңдап, «Балалар туралы мәліметтерді өзектендіру» сервисіндегі форманы толтыру керек.

- Туу туралы куәлікті тіркеп, өтінім жіберу қажет. Өтінім 2-5 жұмыс күні ішінде қаралады.

ІІ. Баланың деректерін қалай қосуға болады?

Егер жүйеде бала туралы ақпарат көрсетілмесе, ол нысаналы қаражаттың есептелуіне әсер етпейді. Дегенмен, деректерді қосу үшін:

- «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, «Отбасы» бөлімін таңдау керек.

- «Баланы қосу» батырмасын басып, қажетті форманы толтыру қажет.

- Туу туралы куәлікті тіркеп, өтінім жіберу керек. Өтінім 2-5 жұмыс күні ішінде қаралады.