• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Пікір 04 Ақпан, 2025

Ауылға бағытталған оң көзқарас

60 рет
көрсетілді

Кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы ауылды дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, бұл жұмыс әрі қарай жалғасатынын айтты. Сонымен қатар Президент кейінгі кезде қабылданған іс-шараларға да тоқталып өтті. Барлық бастамалардың бір бағдарлама аясында біріктірілгені дұрыс шешім болғанын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтып отырғаны – 2020 жылы қабыл­дан­ған «Ауылдық аумақтарды да­мыту» тұжырымдамасы. Бұған дейін әрбір жоба жеке-жеке жүзеге асырылып келсе (инфрақұрылымды дамыту, білім беру, экономика саласындағы жобалар), қазір олардың барлығы біртұтас тұжырымдама аясында қамтылып, іске асырылуы сол құжат негізінде бағаланып, қада­ға­ланып отыр. Бұл – тиімділік пен үйлесімділікті арттыруға бағыт­талған маңызды қадам.

Алдағы уақытта ауылды да­мы­туға бағытталған іс-шара­ларда әртүрлі салаға қа­тыс­ты жобалардың бір-бірі­­мен үй­лесуіне ерекше назар ауда­рылады. Бұған дейін бұл жобалар өз алдына жеке жүзеге асырылып келсе, енді олардың өзара үйлесімділігін арттыру шаралары қолға алынып жа­тыр. Мысалы, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жоба­­лар енді «Ауыл аманаты» бағ­дарламасы іске асырылып жатқан ауылдарға басымдықпен жүргізілмек. Сол сияқты «Ауыл аманаты» бо­йынша эконо­ми­ка­лық жобалар «Ауыл – ел бесігі» аясында инфра­құрылымы дамытылып жат­қан ауыл­дарда жүзеге асы­рылмақ.

Сонымен қатар екі бағдар­ла­ма­ға да жаңартулар енгізу жос­парланып отыр. Атап айтқанда, «Ауыл – ел бесігі» аясында «Ауыл аманаты» бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларға инфра­құрылым тарту мәселесі шешіледі. Әлеуеті жоғары ауылдар мен аудан орталықтарында шағын индустриялық аймақтар құру мәселесі пысықталып жатыр.

Егер бұл бастама жүзеге асса, әр өңірде бір-екі ірі ауылда осындай шағын индустриялық аймақтар ашылады. Бұл аймақтар «Ауыл аманаты» аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды инфра­құ­рылыммен қамтамасыз етеді. Өндірілетін өнімдерді сақтау, таңбалау, тұтынушыларға жет­кізу сияқты логистикалық қыз­меттер ұсынады.

Жалпы, ауылды кешенді дамыту бағытындағы жаңа шаралар ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға және ауыл шаруа­шы­лығының тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.

 

Нұрболат Құрметұлы,

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орталығының директоры