Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудитінің қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында есепке жатқызу және бөлу мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара кедендік әкелу баждарының сомасын бөлу үдерісінде туындайтын өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылау және осы рәсімдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.
ЕАЭО елдерінің қаржы тұрақтылығы мен экономикалық әл-ауқатында әкелу баждарын есепке алу және бөлу мәселесі маңызды рөл атқарады. Алайда шешуді талап ететін мәселелер бар. Олардың ішінде мүше мемлекеттердің бюджеттеріне баж сомасының бөлінбеуі, қате аударылған қаржыны қайтару және кірістерді бөлудегі теңгерімсіздік, әсіресе Қазақстан сияқты ірі сыртқы сауда ағыны бар елдерге байланысты проблемалар бар.
Іс-шараға Жоғары аудиторлық палатаның, қаржы, ұлттық экономика, сондай-ақ сауда және интеграция министрліктерінің өкілдері қатысты. Қатысушылар талқылау барысында мемлекеттік органдар өкілдерінің сөйлеген сөзін тыңдады және ұсыныстар мен ұсынымдарды талқылады. Сондай-ақ бажды қабылдау және бөлу рәсімдерін жақсарту мүмкіндіктері қаралды.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған келісімшарттар және олардың баждарды есепке алу үрдісіне әсеріне ерекше назар аударыл- ды.
Талқылау барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерге талдау жасалды. Олар дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсынымдар топтамасына енгізіледі.