• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Ақпан, 2025

Жеңіске 100 күн қалғанда

98 рет
көрсетілді

Ұлттық ұланға қарасты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы басталды.

Іс-шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ардагерлерді құрметтеуге, Екінші дүниежүзілік соғысқа қаты­сушылардың батырлығын насихаттауға, сондай-ақ Отанды қорғаудың құнды­лығын және ұрпақтардың тарихи сабақ­тастығын терең түсінуге бағытталған.

Бауыржан Момышұлы атын­дағы 5571 әскери бөлімінің әске­ри қызметшілері бұл игі бастаманы 28 гвардиялық-панфиловшылар сая­бағындағы мәңгілік алауға гүл шоқ­тарын қоюдан бастады. Бөлімнің әс­кери оркестрі саябақтағы Даңқ мемориалы алдында соғыс жылдарындағы әндер мен музыкаларды орындады.

100 күн бойы өтетін маңызды шара аясында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қол­дау және қайырымдылық кө­мек көрсету акциялары, әскери қыз­мет­шілер мен Ұлттық ұлан ардагер­ле­рінің қатысуымен білім беру ұйымда­рындағы ерлік сабақтары, әскери бөлімдерде «Ашық есік күндері», жас­тар арасында патриоттық челендждер ұйымдастырылады. Сондай-ақ ардагер үйінің алдында әскери оркестр соғыс жылдарындағы әндерді орындайды. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері салтанатты шерумен өтіп, ардагерге әскери сәлем береді. Акция мамырда – Жеңістің 80 жылдығы мерекесі кезінде қорытындыланады.

 

Соңғы жаңалықтар